Новогоднее поздравление Посла РК в ФРГ Даурена Карипова для журнала «Берлинский Телеграф»

Уважаемые читатели журнала Берлинский Телеграф! в 2020 году человечество столкнулось с неожиданными вызовами для системы здравоохранения, политики безопасности и мировой экономики. Казалось бы, в 21 веке – веке новейших технологий и глобальных исследований, нас не могло застать врасплох такое динамичное распространение вируса. Практически с самого начала года нам пришлось изменить привычный образ жизни – мы были вынуждены сократить деловые контакты, отказаться от встреч с родными и близкими, а защитная маска стала неотъемлемой частью наших будничных дней. Этот год показал, насколько уязвимо человечество. Уязвимо и в то же время непобедимо. Мы сплотились, мы принимали меры, мы поддерживали друг друга. Как и многие страны мира, Казахстан не смог избежать негативных последствий КВИ. Руководство страны в целях нераспространения волны заражений с 16 марта по 11 мая 2020 г. ввело в стране чрезвычайное положение, были приняты строжайшие карантинные меры. При этом правительство приняло все возможные меры по социальной поддержке населения и медицинскому обеспечению. Было принято 2 пакета социальной поддержки, в рамках которой более 4 млн. человек, оставшиеся без дохода, получили финансовую помощь. Особо уязвимая часть населения на протяжении всего периода пандемии получили продукты первой необходимости, медицинскую помощь. Следует отметить эффективные меры правительства Казахстана по продовольственному обеспечению, благодаря которым удалось избежать повышения цен на продовольствие, сохранить их качество и наличие в магазинах. В целом, по состоянию на сентябрь т.г., на меры по борьбе с КВИ в 2020 году правительством Казахстана было выделено порядка 326 млрд. тенге (ок. 640 млн. евро). Благодаря дружественным и доверительным отношениям между Казахстаном и Германией, страны на протяжении всего года оказывали поддержку друг другу. Заключалась она, в первую очередь, в поддержке экономических связей, благодаря которым продолжается реализация всех запущенных и запланированных на этот год инвестиционных проектов. Созданная в декабре 2019 года по инициативе Президента Токаева правительственная рабочая группа по работе с немецкими инвесторами ежемесячно заседает в онлайн формате, обсуждая вопросы практической реализации проектов в сферах, имеющих в данный момент наибольший приоритет – здравоохранение, сельское хозяйство, фармацевтика и др. Казахстан получил от немецких партнеров гуманитарную помощь в виде медицинских препаратов, за что мы очень благодарны. Мы заинтересованы в углублении интеграции и активизации сотрудничества с нашими братскими республиками в Центральной Азии. Сообща, помогая друг другу в эти трудные времена, мы продолжаем противостоять вирусу как единое целое. Мы с оптимизмом смотрим в будущее и готовы работать с германскими партнерами в самых различных сферах и форматах. В региональном формате мы готовы совместно со странами ЦА и Афганистаном приступить к реализации инициативы «Зеленая Центральная Азия» с целью обеспечения устойчивого развития всего региона. Дорогие друзья! Человечество за период своей истории неоднократно подвергалось различным испытаниям. Но мы искренне верим, что с помощью совместных усилий мирового сообщества, активных действий дипломатического корпуса во всем мире и участия каждого отдельного человека удастся принять нужные меры для окончательного преодоления пандемии. Мы желаем всем благословенного Рождества и счастливого Нового года!

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кариповтың «Berliner Telegraph»
журналына арналған Жаңа жылдық құттықтауы

Құрметті Телеграф журналының оқырмандары!

2020 жылы бүкіл адамзат денсаулық сақтау жүйесі, қауіпсіздік саясат және жаһандық экономика үшін күтпеген қиындықтарға тап болды. ХХІ ғасырда – ең жаңа технологиялар мен ғаламдық зерттеулер ғасырында вирустың мұндай динамикалық таралуы бізді күтпеген жағдайға әкелуі мүмкін емес болып көрінген еді.
Жылдың басынан бастап біз әдеттегі өмір салтымызды түбегейлі өзгертуге мәжбүр болдық – біз іскерлік байланыстарды қысқартуға, туған-туысқандарымызбен және достарымызбен кездесуден бас тартуға мәжбүр болдық, ал қорғаныш маскасы біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болды. Бұл жыл адамзаттың қаншалықты әлсіз екенін көрсетті. Әлсіз, бірақ та жеңілмейтін. Біз біріктік, біз шара қолдандық, біз бір-бірімізге қолдау көрсеттік.
Әлемнің көптеген елдері секілді Қазақстан да КВИ-дің жағымсыз салдарларынан құтыла алмады. Мемлекет басшылығы инфекциялар толқынының таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 11 мамырына дейін елде төтенше жағдай енгізіп, ең қатаң карантиндік шаралар қолданды.
Осы ретте үкімет халыққа әлеуметтік қолдау және медициналық қызмет көрсету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдады. Екі әлеуметтік қолдау пакеті қабылданды, соның шеңберінде 4 миллионнан астам кірісі жоқ адам қаржылай көмек алды. Пандемияның барлық кезеңінде халықтың ерекше әлсіз бөлігі ең қажетті азық-түлік өнімдері мен медициналық көмек алады.
Қазақстан үкіметінің азық-түлік қауіпсіздігі бойынша тиімді шараларын атап өту керек, соның арқасында азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеуге, олардың сапасын сақтауға және дүкендерде қол жетімді болуына мүмкіндік туындады. Жалпы ағымдағы жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстан үкіметі 2020 жылы КВИ-мен күресу шараларына шамамен 326 миллиард теңге (шамамен 640 миллион еуро) бөлді.
Қазақстан мен Германия арасындағы достық пен сенімді қарым-қатынастардың арқасында елдер жыл бойы бір-біріне қолдау көрсетті. Бұл ең алдымен экономикалық байланыстарды қолдаудан тұрды, соның арқасында осы жылы басталған және жоспарланған барлық инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда. 2019 жылдың желтоқсанында Президент Тоқаевтың бастамасымен құрылған неміс инвесторларымен жұмыс жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы ай сайын онлайн режимінде бас қосып, қазіргі кезде басымдыққа ие салалардағы – денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және т.б. жобалардың практикалық іске асырылуы талқылануда.
Қазақстан неміс серіктестерден дәрі-дәрмек түрінде гуманитарлық көмек алды, сол үшін де біз ризамыз.
Біз Орталық Азиядағы бауырлас республикалармен интеграцияны тереңдетуге және ынтымақтастықты жандандыруға мүдделіміз. Осы қиын кезеңдерде біз бір-бірімізге көмектесіп, тұтастай вирусқа қарсы тұруды жалғастырамыз.
Біз болашаққа үмітпен қараймыз және неміс серіктестерімен әр түрлі бағыттар мен форматтарда жұмыс істеуге дайынбыз. Аймақтық форматта біз Орталық Азия елдерімен және Ауғанстанмен бірге бүкіл аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін «Жасыл Орталық Азия» бастамасын жүзеге асыруға кірісуге дайынбыз.

Қымбатты достар!
Адамзат өзінің тарихында бірнеше рет түрлі сынақтардан өтті. Бірақ біз әлемдік қауымдастықтың бірлескен күш-жігерімен, бүкіл әлемдегі дипломатиялық корпустың белсенді әрекеттерімен және әрбір жеке адамның қатысуымен пандемияны түпкілікті жеңу үшін қажетті шараларды қабылдауға болады деп сенеміз.
Біз барлықтарыңызға берекелі Рождество мен бақытты Жаңа жыл тілейміз!